Бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдетілді

17 Тамыз 2020, 09:04
2358
Бөлісу:
Бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдетіле бастайды. 

17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. 

Олар: СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м); сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.); балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша); мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес); ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу). 

Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады. 

Алайда, 17 тамыздан бастап бірқатар нысанның жұмысына тыйым сақталды. 

Атап айтқанда  ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге; 

- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына; 

- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге; 

- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; 

- діни нысандардың жұмысына; - қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады. 

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.


Өзгелердің жаңалығы