Бүгін жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталады

30 Қаңтар 2019, 09:07
2858
Бөлісу:
Бүгін жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты жалауын көтереді. 

Дүбірлі додада жекелеген бағдарламада және топтық жаттығуларда спорт шеберлері мен спорт шеберіне кандидаттар бәсекеге түседі. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы мәлімдеді.

Чемпионатта еліміздің 11 облысынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан келген спортшылар бағын сынайды. Жарысқа өңірлерден 106 гимнастшы жекелеген бағдарламада және 30 команда (әр командада 6 адамнан) топтық жаттығуларда шеберлік байқасады.

Топтық жаттығуларда 5 команда (әр командада 6 адамнан), сондай-ақ жекелеген бағдарламада 10 спорт шебері және 11 спорт шеберіне кандидат елорданың намысын қорғайды.

Мұнымен қоса, қатысушылар арасында топтық жаттығулар бойынша көпсайыстан екі разрядтық санатта – спорт шебері (2002-2003 ж.т. сеньоралар) мен спорт шеберіне кандидаттар (2004-2006 ж.т. жастар) жеке біріншілік өткізіледі.

Ел чемпионаты 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астанадағы Көркем гимнастика академиясында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы