Бүгін жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұрады

7 Қыркүйек 2019, 07:25
2932
Бөлісу:
Бүгін жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстікте және орталықта тұман болса, батыс және оңтүстікте сенбі жауын-шашынсыз болады. 

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.

Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола және Павлодар облыстарында тұман күтіледі.            

Сондай-ақ Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы