Бүгін тек Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін

10 Шілде 2020, 08:34
1421
Бөлісу:
Бүгін тек Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілде күнгі республика қалаларындағы метеорологиялық ахуал қалыпты болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Жұма күні ауа сапасы тек бір қалада – Ақтөбеде нашарлайтыны күтілуде.

Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы