Бүгін ҚҚ Күштерінде тәрбиешілер институтының құрылған күні

19 Қаңтар 2019, 15:27
3751
Бөлісу:
Бүгін ҚҚ Күштерінде тәрбиешілер институтының құрылған күні

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің институты өзінің құрылғана 26 жыл толуын атап өтуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

1993 жылдың 19 қаңтарында Елбасының Жарлығымен қазақстандық армияда командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылды. Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен байланысты тәрбие жұмыстары органдарының тарихы бастау алды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде мыңға жуық тәрбие құрылымдарының офицерлері - жеке құраммен жұмыс жасаудағы барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмыс мамандары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары мен оқу орталықтарындағы оқытушылар қызметтік міндеттерін атқарып келеді.

26 жыл ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен бірлесе әскери ұжымдарда моральдық-адамгершілік жағдайды қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның абырой мен намысын қорғауды қамтамасыз ету, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін қыруар жұмыс атқарды. Алайда, мұнымен тәрбиешілер институты өзінің дамуын тоқтатпайды. Жыл сайын іс-шаралардың тұтас кешені іске асырылады.

Қазіргі уақытта еліміздің Қарулы Күштерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстың біртұтас жүйесі қалыптасқанын сеніммен айтуға болады. Қоғамда әскери қызметшінің кәсібі мен әскери қызметтің өсіп келе жатқан беделі, сондай-ақ әскери ұжымдардың жоғары жауынгерлік рухы мен жұмылуы осының айқын дәлелі.

Өзгелердің жаңалығы