Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

23 Қаңтар 2020, 08:32
1528
Бөлісу:
Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қаңтар күні еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.


Кәсіпорын таратқан мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы