Бүгін республиканың 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

8 Шілде 2020, 08:25
1509
Бөлісу:
Бүгін республиканың 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі, 8 шілдеде республиканың 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сәрсенбіде ауа сапасының нашарлауы Шымкент, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында күтіледі.

Республиканың өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы