Арыстағы жарылыс. Бүгін ұлттық арнадан арнайы шығарылым болады

24 Маусым 2019, 21:18
1544
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс. Бүгін ұлттық арнадан арнайы шығарылым болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 21:30-да QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты арқайы шығарылым болады. Бұл туралы Айдос Жұқанұлы Facebook парақшасына жазды.

«Арыс, біз біргеміз!» атты арнайы шығарылымда бүгін Арыс қаласында болған жарылысқа қатысы мәліметтер айтылады.

«Тікелей эфирде нақты деректер айтылады, мән-жайдың бәрі қамтылады», - деп жазды Айдос Жұқанұлы Facebook парақшасына.

Өзгелердің жаңалығы