Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

9 Мамыр 2019, 09:41
1430
Бөлісу:
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша бүгін, 9 мамыр күні еліміздің бес қаласында ауа сапасы төмендейді.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

.   

Өзгелердің жаңалығы