Бас жаңалықтар
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
19 Шілде 2019, 08:14 172

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан кейбір жерлерде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы және шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман, шығыста – дауыл.

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, Жамбылской облысында кей жерлерде шаңды дауыл, Павлодар облысының кей жерлерінде күндізбұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең  тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі, Жамбыл, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық