Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

24 Шілде 2019, 08:11
1544
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 24 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік облыстардың кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, дауыл күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.  


Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл, бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының жекелеген аумақтарында, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерінде тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерін тұман басып, бұршақ жауады.

Маңғыстау, түнде Алматы, күндіз Қостанай облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, кей жерінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында өте қатты ыстық болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, кей жерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы