Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

19 Тамыз 2019, 08:11
1951
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, дүйсенбі атмосфералық ағындар бөлігінің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік шығысының кей жерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дауыл күтіледі, республиканың солтүстігінің кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең – тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда, күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында – шаңды дауыл соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы