Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

27 Қараша 2019, 08:12
3561
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болдамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуімен республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон жотасы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашколь ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының күндіз кей жерінде көктайғақ, жаяу бұқасын күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Өзгелердің жаңалығы