Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауады

26 Маусым 2020, 08:48
1505
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында сондай-ақ дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел болады. Күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы