Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

25 Тамыз 2019, 10:10
1105
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 тамыз күні Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, жексенбіде Атырау, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы