Бүгін еліміздегі ауа сапасы қандай болады

24 Қаңтар 2020, 08:34
1450
Бөлісу:
Бүгін еліміздегі ауа сапасы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бүгін, 24 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жұма күні тек Талдықорған қаласында ауа сапасының нашарлауы болжанады. Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның бұзылуы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы