Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

29 Мамыр 2020, 08:45
1567
Бөлісу:
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 мамырда Шымкент қаласында ауа ластанып, қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ал еліміздің қалған қалаларында метеожағдай қолайлы болады.

Қолайсыз метеожағдайлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тып-тымық жел, тұман, инверсия) үйлесімін білдіреді.

Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Өзгелердің жаңалығы