Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

9 Қаңтар 2019, 08:37
1319
Бөлісу:
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады. 


"9 қаңтарда Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында және түнде Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтындағы хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 


ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы