Бүгін бұршақ жауып, жел күшейеді

17 Маусым 2019, 08:09
1956
Бөлісу:
Бүгін бұршақ жауып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерінде жаңбыр жауады, тек  оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста күн ашық болады. Кей  жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.


"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы