Бүгін – Қазақстан полициясы күні

23 Маусым 2019, 09:13
2854
Бөлісу:
Бүгін – Қазақстан полициясы күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан Республикасының полиция күні мейрамы атап өтіледі. Бүгін Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл болды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Советімен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан полициясының істері мен қызметін анықтайтын бірінші актісі болып саналатын. 2007 жылы Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 23 маусым полиция күні деп ресми түрде бекітілді.

Тәртіп сақшыларының жұмысы уақытқа бағынбайды. Ел тыныштығын күні-түні күзетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Төнген қауіпті ауыздықтауда жанын қияды.

Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.

Өзгелердің жаңалығы