Бүгін «Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталады

18 Маусым 2019, 16:57
2162
Бөлісу:
Бүгін «Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылады. Бұл турнирлерге Қазақстан командалары да қатысады. 

Нұр-Сұлтан уақыты 18:30-да «Астана» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 2018/19 жылғы маусымындағы алғашқы қарсыласын білетін болады.

Елорда клубы «Судува» (Литва), ЧФР (Румыния), «Ференцварош» (Венгрия), «Нымме Калью» (Эстония), «Арарат-Армения» (Армения) командаларының біреуімен кездеседі.

Ал 19:30-да Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Мұнда үш қазақстандық клуб бар. 

«Қайраттың» мүмкін қарсыластары:  «Теута» (Албания), «Широки Бриег» (Босния), «ДАК 1904» (Словакия), «Кауно Жальгирис» (Литва), «Ла Фиорита» (Сан-Марино) / «Энгордань» (Андорра) жұбының жеңімпазы;
«Тобыл»: «Милсами» (Молдова), «Мура» (Словения), «Дебрецен» (Венгрия), «Бананц» (Армения), «Женесс» (Люксембург);
«Ордабасы»: «Флора» (Эстония), «Торпедо» (Кутаиси, Грузия), «Титоград» (Черногория), «Гзира Юнайтед» (Мальта), победитель «Сант-Хулия» (Андорра) / «Европа» (Гибралтар).

Өзгелердің жаңалығы