Бүгін Астанадағы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

26 Қаңтар 2019, 10:13
2548
Бөлісу:
Бүгін Астанадағы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Астана, BAQ.KZ. Шара дүниежүзілік жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Онда дәрігерлер 30 жастан асқан қыз-келіншектерде қатерлі ісік белгілерінің бар-жоғын анықтап, одан сақтану бойынша кеңес береді. Онкологиялық орталық жетекшісінің айтуынша, Астанада бұл дертке душар болғандар саны жыл санап артып келеді. Мәселен, былтыр қатерлі ісіктің аталмыш түріне 490 әйел шалдыққан. 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 адамға көп.

Жалпы қазір елімізде осы бір қатерлі індетке 12 мыңнан астам қыз-келіншек шалдыққан деген дерек бар.

«Әлем бойынша жатыр мойны қатерлі ісігімен жыл сайын 15 миллиондай әйел ауырады. Біздің мемлекетімізде 12800 адам өткен жылы диспансерлік тіркеуге тұрады. Өткен жылы бірінше рет бізге тіркеуге тұрған әйелдердің есебіне 1840 әйел тұрды. Өкінішке қарай, әлемде 600 әйел көз жұмған», - дейді қалалық онкологиялық орталықтың онкогинекология дәрігері Ләззат Қозғамбаева.

Өзгелердің жаңалығы