Бүгін Қарағандыда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

9 Маусым 2019, 09:21
2421
Бөлісу:
Бүгін Қарағандыда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды
Фото: автордан

 

 

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 9 маусым кезектен тыс президент сайлауы күні Қарағандыда жолаушылар қоғамдық көлікте тегін қатынай алады. 

 

Жолаушылар автобусы таңғы сағат 6-дан кешкі 20.00-ге дейін жүргіншілерден жол жүру ақысын талап етпейді. Сайлау күні біз де автобуспен діттеген жерімізге тегін жеттік. Қоғамдық көлікте кісі қарасы қалың. 

 
 «Президент сайлауы күні автобустар тегін екен. Бірақ линияға аз автобус шыққан-ау деймін, әдеттегіден көп күттім. Дегенменде қала тұрғындарына осындай мерекелік көңіл-күй сыйлаған қала басшылары мен автопарк иелеріне алғысымды білдіремін», - дейді қала тұрғыны Раиса Акимжанова.  


 

Қоғамдық көліктегі жүргіншілер бүгінгі саяси науқан жайлы ойларымен бөлісіп, пікір алмасуда. Халықтың белсенділігі сезіледі.
 


«Жұмыстан үйге қайтып барамын, түнгі ауысымнан шықтым. Қазір бірден сайлау учаскісіне кіріп, дауыс беремін. Бүгін қазақстандықтар үшін ерекше күн. Мемлекеттің болашағы xалықтың қолында. Сондықтанда барлығымыз сайлауға бір адамдай қатысамыз деген ойдамын. Билік басына елін сүйетін, xалқын ойлайтын ел басшысы келетіндігіне сенімдімін», - дейді қарағандылық Әділет Аманқожа. 

 

Жергілікті атқаруышы органдардың шешімімен сайлау күні қаладағы базарлар 12.00-ден бастап жұмыс істейді. Мұндай шешім тұрғындардың азаматтық борышын орындап, сайлауға қатыса алуы үшін жасалып отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы