Бүгін Алматы қаласының әкімі халыққа есеп береді

19 Ақпан 2020, 10:00
1391
Бөлісу:
Бүгін Алматы қаласының әкімі халыққа есеп береді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала халқы алдында өткен жылы атқарылған істер бойынша есеп береді.


Әкімнің есеп беру жиыны "Халық арена" спорт кешенінде өтеді. Дәл қазіргі уақытта аудан әкімдері халықпен жүздесіп, сұрақтарына жауап беруде.

Бұған дейін қала әкімдігі 12,7 мың отбасыға 7,1 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек төленгенін мәлімдеген. Сонымен қатар, 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

2019 жылдың 9 айында ЖАӨ 4,8%-ға өсті. Өткен жылы Алматыда 47 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Құны 96 млрд теңге болатын жаңа 88 бизнес нысаны ашылды.
киси.jpeg

Өнеркәсіп – 4,5%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй – 4,8%, құрылыс – 3,4%, бөлшек сауда – 12,1%-ға өсті. Бақытжан Сағынтаев қала әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап әр аудан тұрғындарымен екі реттен кездесу өткізді. 

Тамыз айында барлық аудандарда өткен кездесулердің бірінші циклі кезінде 3,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. 880-ге жуық сұрақ қойылды. Соның 123-іне кездесу барысында тікелей түсініктеме берілді. Іс жүзінде әрі ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін 756 мәселе бойынша әрбір ауданда іс-шаралар жоспары құрылды. Олардың орындалу нәтижесі бойынша тұрғындар мәселесінің 40%-ға жуығы қанағаттандырылды, 40%-дан астамына түсініктеме берілді. Көтерілген мәселелердің 20%-ын шешу үшін уақыт қажет. Өйткені сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу, абаттандыру, проблемалы жер учаскелерін ресімдеу жұмыстарын жүргізу қажет.



Өзгелердің жаңалығы