БҰҰ бас хатшысы пандемияны «бақылау қиындағанын» ескертті

17 Қыркүйек 2020, 08:25
985
Бөлісу:
БҰҰ бас хатшысы пандемияны «бақылау қиындағанын» ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ. Коронавирус пандемиясын бақылау қиындап барады, вакцина өздігінен дағдарысты жоя алмайды. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

COVID-19 пандемиясы - біздің өміріздегі болған дағдарыстарға ұқсамайды және Бас ассамблеяның осы жылғы сессиялары бұрын өткен бірде-біріне ұқсамайды, - деді ол баспасөз конференциясында.

Гутерреш жақында коронавирус салдарынан қайтыс болғандар санының миллионнан асатынын атап өтті.

Жаппай жұқтырғандарды бақылау қиындап кетті. Вирус - қазіргі заманда жаһандық қауіпсіздік үшін нөмірі бірінші қауіп, - деп келтірді РИА Новости бас хатшының сөзін.

Ол көбі вакцинаға үміт артқанын, алайда пандемияға панацея жоқ екенін айтты. 

Бір вакцина бұл дағдарысты жоя алмайды. Әсіресе жақын арада мүмкін емес, - деді Гутерреш.


Өзгелердің жаңалығы