
БҰҰ Астана процесіне жоғары баға берді
Астана, BAQ.KZ. Астана процесі алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында аталды. Осылайша әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін бас орган Қазақстанның Сирия шиеленісін реттеуге қосқан еңбегіне жоғары баға берді, деп жазады «Хабар 24»
Қарар мәтінінде келіссөздердің астаналық форматы тұтқынға түскен адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тезірек босатылуына, сондай-ақ қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды анықтауға елеулі үлес қосып жүргені айтылған. Құжатты дайындауға қазақастандық дипломаттар да қатысқан. Арасында Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Дәулет Ембердиев бар.
«Елбасы тапсырмасымен Астана процесімен айналыстық. Іс жүзінде ол Сириядағы бейбітшілікке жетудің жалғыз тиімді құралы ретінде қалып отыр. Қазақстандық дипломатия, қазақ жанының ниеті секілді адал әрі мейірімді. Үнемі бейбітшілікке шақырып, тараптарды бітістіретін бастамалар ұсынып, жүйелі саясат ұстандық. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде халқымыздың бейбіт саясатын паш еткенімізді мақтан тұтуға болады деп санаймын. Табысқа жетіп, өз міндетімізді орындадық», - дейді Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы, Дәулет Ембердиев.
-
1Бес баланың өлімі: Қасымов өрттің неден шыққанын айтты342762Бес қыздың өлімі: Анасы түнгі ауысымда болған, әкесін жұмыс беруші шақырып алған264443Назарбаев министрлерді қатты сынға алды89834Айшолпан. Президентпен кездесу қарсаңында78685Мұғалім мәртебесі. 30 жылдық жұмыс өтілі барлар кәсібилігін неге тағы дәлелдеуі керек?7443
-
-
2019 жылы Қазақстандағы экономикалық жағдай қалай өзгереді?
Экономика 0-1% дейін төмендейді 5 (42%) Экономикалық өсу тоқтатылады 3 (25%) Экономиканың өсімі 1-3% 2 (17%) Экономика 3% немесе одан да көп өседі 1 (8%) Экономика қайтадан құлдырай бастайды 1 (8%)
-

Редактормен байланыс
+7 777 619 65 90
