БҰҰ Астана хабтың жұмысын жоғары бағалады

19 Маусым 2019, 11:33
1559
Бөлісу:
БҰҰ Астана хабтың жұмысын жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы конференциясы аясында Басқарушы комитеттің Төрағасы Алихан Байменов БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары – БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының Төрағасы Ларби Джактамен кездесті. 

Ларби Джакта Хаб мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе мен білім алмасу үшін жаһандық алаңға айналғанын атап өтті. Ол Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ-ның әлемде теңдесі жоқ көпжақты платформаны құрудағы бастамасының өзектілігін атап өтті. Тараптар еңбек ақы төлеу жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және сыйақы беру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өзара тиімді әріптестікті кеңейту дайындығын талқылады. 

БҰҰ-ның Бас Хатшысының Орынбасары «Мемлекеттік сектордағы құндылықтар, сенім және технологиялар» тақырыбында өткізілген Астана хабы конференциясының маңыздылығын атап өтті. Аталған конференция Қазақстан елордасына әлемнің 30 астам мемлекеттік қызмет уәкілетті органдар басшылары мен халықаралық сарапшыларды жинады. 

Өз кезегінде Байменов мырза мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру үшін өзекті мәселелер бойынша бірлескен бастамалар мен іс-шараларды іске асыру үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы