Бүгін 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

18 Қыркүйек 2020, 05:00
1126
Бөлісу:
Бүгін 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қыркүйекке Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

18 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерде бұршақ, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік- батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді, - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.

18 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтіледі, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-100%.

18-19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 18-19 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деді сарапшылар.

Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

18 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі, - деп ескертті метеорологтар.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 70-75%.

18 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с жетеді, - деп жазды баспасөз қызметі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

18 қыркүйекте түнде Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Өскемен қаласында 18 қыркүйекте 15-20 м/с жел тұрады. Семей қаласында 18 қыркүйекте 15-20 м/с жел күтіледі. Семейде 15-20 м/с жел тұрады, - деп хабарлады «Қазгидромет».

 Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Күндіз 18 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қалаында күндіз жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, екпіні 18 м/с күтіледі, - делінген хабарда.

Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.


Өзгелердің жаңалығы