Бас жаңалықтар
Сұлтанов азық-түлік бағасын мониторингілеуге халықты тартуды ұсынды
20 Тамыз 2019, 15:59 283

Сұлтанов азық-түлік бағасын мониторингілеуге халықты тартуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында азық-түлік тауарларының бағалар статистикасын жинақтауға халықты тартуды ұсынды.

«Тауарлар бағаларының өсуіне уақытылы ден қою үшін өзекті ақпарат жедел алынуы қажет. Бүгінде Статистика комитеті әр сейсенбі сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Деректер жинау 2011 жылдан бастап қол тәртібінде жүргізіледі», - деді Сұлтанов Үкімет отырысында.

Ол бұл ретте дамыған елдерде баға мониторингілеуге халық тартылатынын, яғни кез келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп, оны әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар статистикасы жинақталатын мамандырылған сайтқа жіберетінін айтты. 

«Аталған жүйе арқылы аймақтарды бөлек алғанда және нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимінде бақылауға болады. Сіздің (Асқар Мамин – авт.) қолдауыңыз болған жағдайда, біз осы жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деп сөзін түйіндеді министр.

Бұған дейін ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы баяндап, қымбаттаған 10 азық-түлік тауарын атады. 

Сонымен қатар, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсу себептерін атап, Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын заң жобасы әзірленіп жатқанын және азық-түлік бағасына апта сайын бақылау жүргізілетінін айтты. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық