Мереке күндері қарсаңында азық-түлік бағалары қолжетімді болмақ

14 Желтоқсан 2019, 15:53
7731
Бөлісу:
Мереке күндері қарсаңында азық-түлік бағалары қолжетімді болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы мереке күндері қарсаңында алматылықтар арзан ет пен көкөністерді сатып ала алады. Төмен бағадағы азық-түлік өнімдері "демалыс күндік" жәрмеңкелер мен қаладағы ӘКК-ның 8 азық-түлік павильонында сатылады. 

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, тіркелген құн бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 6 түрі ұсынылған: тауық еті, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат. Аталған өнім орташа нарықтық бағадан 15-40%-ға арзан. Сонымен қатар, жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр сатылымға түседі. Халықты арзан өніммен неғұрлым кеңінен қамту мақсатында сату орындарының саны да ұлғаяды. Жыл соңына дейін өнімді төмендетілген бағамен сататын павильондар саны 22-ге дейін артады. Ол үшін қосымша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен өңірлердің құс фабрикалары, сондай-ақ қаланың жылыжай кешені тартылды. 

Біз бағасы төмен қолжетімді азық-түлік тауарларын сату нүктелерін кеңейтеміз. Сонымен қатар, мереке қарсаңында сұраныстың жоғарылауына қарамастан, қала тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өнім көлемі жеткілікті көлемде бар, - дейді ұйымдастырушылар. 

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қаланың ірі сауда желілері мен базарларында бағаны тежеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Басты міндет – алыпсатарлық пен азық-түлікке бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. 

"Демалыс күндік" жәрмеңкелердің мекенжайы: 

1. Алмалы ауданы, Гоголь-Масанчи к-сі қиылысы;
2. Бостандық ауданы, "Қазақфильм", Жароков көшесі-әл-Фараби даңғылынан жоғары;
3. Әуезов ауданы, Абай - Өтеген батыр к-сі қиылысы;
4. Жетісу ауданы, "Құлагер", Сериков пен Қазыбаев көшесі.

Жұмыс уақыты: 8.00-19.00-ге дейін. 

Азық-түлік павильондарының мекенжайлары:

1. Төле би-Саин көшесі; 
2. Шаляпин-Алтынсарин көшесі;
3. Абай-Алтынсарин даңғылы; 
4. Мыңбаев көшесі-6 желі; 
5. Абай-Момышұлы даңғылы; 
6. Абай даңғылы-Саин; 
7. Төле би-Фуркат көшесі; 
8. "Құлагер" ықшамауданы.
Жұмыс уақыты: 9.00-21.00.

Сонымен қатар, алдағы "демалыс күндік" жәрмеңкелері бір күнге ұзартылып, 14-16 желтоқсан аралығында өтетіні хабарланды. 

Өзгелердің жаңалығы