Бас жаңалықтар
Азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырған 25 дерек анықталды – Жұманғарин
07 Қыркүйек 2021, 10:21 296

Азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырған 25 дерек анықталды – Жұманғарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.

Бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер және үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша бағаларды төмендету туралы 60 хабарлама шығарылды. Оның ішінде 50-і азық-түлік тауарларына бағаларды 5 пайыздан 10%-ға дейін төмендетті. 8 тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - деді Жұманғарин.

Ол атағандай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларының өсуінің апта сайынғы серпіні 0,6 пайыздан минус 0,2 пайызға дейін төмендеді.

Мемлекет басшысының көтерме сауда нарығына басты назар аудара отырып, азық-түлік тауарларының барлық бағасы бойынша делдалдық схемаларды тексеру туралы тапсырмасын орындау аясында 13 тауарлық позиция бойынша жұмыс жүргізілуде, - деді ол.

Жұманғарин атағандай, ритейл нарығын талдау аясында сауда үстеме ақысының негізділігін кешенді түрде тексерілуі басталды.

Сауда желілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырғандығы бойынша 25 факті анықталды, осыған орай жергілікті атқарушы органдарға жауапкершілікке тарту үшін материалдар жіберілді, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...