Азық-түлік бағаларын қалыптастыратын аналитикалық платформа құрылды – Қазанбаев

7 Қыркүйек 2021, 10:10
5659
Бөлісу:
Азық-түлік бағаларын қалыптастыратын аналитикалық платформа құрылды – Қазанбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Үкімет отырысында айтты.

Министрлік азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің жобасын әзірледі, оны ҚР Үкіметінің жақын арадағы отырысында бекіту қажет. Сауда бойынша аналитикалық платформа құрылды. Оны пилоттық режимде іске қосуға дайынбыз. Платформа онлайн режимінде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуге және болжамды бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Қазанбаев мүдделі мемлекеттік органдардың қолданыстағы базаларымен интеграция жүргізе отырып, платформа бағаның өсу себептері мен оларды тұрақтандыру жолдарын көруге мүмкіндік беретін математикалық модельдерді құруға мүмкіндік беретінін айтты.

Сауда саласының жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, түпкілікті тұтынушыға дейін бүкіл тізбек бойынша тауарларға баға белгілеу үрдістерін анықтау мүмкін болады. Бұл жұмыс Үкіметтің цифрлық кеңсесі аясында жүргізіледі. Осы платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары да қосылатын болады, бұл әрбір өңірдегі баға бойынша жағдайды жедел режимде мониторингтеуге мүмкіндік береді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы