Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қызметтік пәтерлерді сатуда

9 Қаңтар 2019, 15:28
2133
Бөлісу:
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қызметтік пәтерлерді сатуда

Астана, baq.kz. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өзінің бейінді емес активтерді жүзеге асыруы және шығындарды оңтайландыруы барысында 2019 жылдың 9 қаңтарында компанияға тиесілі пәтерлердің қайталама электронды аукционын өткізді.

Әрбір лот бойынша екіден кем сауда қатысушысы қатысқандықтан аукцион жарамсыз болып танылды.

2018 жылдың 19 желтоқсанында ұйымдастырылған бірінші аукцион да өтінімдердің болмауына байланысты жарамсыз деп танылған болатын.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында аукциондар www.gosreestr.kz интернет-ресурсында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімінде өткізіледі. Бұл интернет-ресурстың жұмысын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (АЕО) ұсынады.

Сатуға 7 қызметтік пәтер қойылды: жалпы көлемі 26,5 шаршы метрден 65,5 шаршы метрге дейін болатын 1960-2006 жылдары салынған бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер.

АЕО-ның Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық аукциондарды өткізу ережесіне сәйкес осы сайтта тіркелген және мүліктің бастапқы құнының 15% кепілдік жарнасын төлеген барлық жеке және заңды тұлғалар аукционға қатыса алады.

Веб-портал тікелей өтініштер қабылдап, қатысушыны саудаға өткізетіндігін айта кету керек. Бұл ретте, аукционды қорытындылауға дейін оның ұйымдастырушысы ұсынылған өтінімдер мен қатысушылары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды.

Өзгелердің жаңалығы