Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Жылдық инфляция 7,1% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті, - делінген хабарламада.2020 жылғы шілдеде халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,6%-ды құрады.