Бас жаңалықтар
ҚазМұнайГаз бірқатар келісімге қол қойды
11 Наурыз 2019, 20:58 806

ҚазМұнайГаз бірқатар келісімге қол қойды

Астана, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Эни Исатай Б.В.» Абай жобасы бойынша бірқатар келісімге қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылғы наурыздың 11-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Эни Исатай Б.В.» компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесі жөніндегі жобаны бірігіп іске асыру шеңберінде Бірлескен қызмет туралы келісімге (БҚК) және Қаржыландыру туралы келісімге (ҚТК) қол қойды», - делінген хабарламада.

Қол қойылған БҚК және ҚТК негізінде тараптар Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне сәйкес тікелей келіссөздер жүргізуге және көмірсутекті шикізатты барлау мен өндіруге келісімшарт жасасуға ҚР Энергетика министрлігіне өтінім береді.


Загрузка...

Сізден жаңалық