Бас жаңалықтар
Азия елдері коронавирустан кейін ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
21 Қаңтар 2021, 21:21 152

Азия елдері коронавирустан кейін ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия төрағалығының бастамасымен онлайн форматта өткен Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа (АЫД) мүше-мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 17-ші отырысына қатысты.

Іс-шара барысында М.Тілеуберді коронавирустан кейінгі кезеңде инвестицияларды тарту, бизнесті, сауда мен туризмді дамыту саласындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтудың жолдарын бірлесіп іздеудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінің экономикалық дамуы үшін осы құрылымдардың кооперативтік әлеуетін неғұрлым кеңінен пайдалану мақсатында, АӨСШК және АЫД Хатшылықтары арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Қатысушылар өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылады және АЫД шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін күш-жігерін салуға келісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қабылданды.


Фото: дереккөз
Загрузка...