Бас жаңалықтар
Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы Моңғолия құрамасы
16 Сәуiр 2019, 12:11 225

Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы Моңғолия құрамасы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда байрағын көтерген Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында алғашқы болып көкпардан Моңғолия мен Тәжікстан құрамасы сайысқа түсті.



Тартысты өткен бәсекеде Моңғолия құрамасы 4:2 есебімен тәжік жастарынан басым түсті.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы болып белгіленген болатын. Соған орай Алматыда көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілу қатарлы ұлттық спортымыздан Жастар арасында І Азия чемпионаты ұйымдастырылуда.



Аталған додаға Азияның 10 елінен спортшылар қатысып жатыр.

Осы орайда, чемпионатқа қырғыз құрамасы келмей қалды. 



«Қырғыз құрамасына чемпионат өтетіні жайлы ерте хабарланған. Негізі 12 елге арнайы шақыру жіберілген болатын. Әзірге келгені 9 мемлекет. Қырғызстан тарапының неге келмей қалғанының нақты себебі белгісіз. Чемпионат өтерден бұрын қырғыз тарапымен кездесу өткен. Олар қатысуға уәде берген болатын», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.



Айта кетейік, 16-21 сәуір аралығы Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтуде. Чемпионат қарсаңында Қырғызстан «Көкбөрі» федерациясының жаңадан сайланған президенті И. Қадырқұлов бастаған топ Алматы қаласында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханмен кездескен болатын. 

Бұған дейін айыр қалпақты қырғыз ағайын бұл чемпионатқа қатыспайтыны туралы хабарлағанбыз.




Фото: автордан

Сізден жаңалық