Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қола медаль алды

25 Сәуір 2019, 14:59
1825
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қола медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финал бәсекелері басталды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

49 келіде жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов мерзімінен бұрын қола медаль иеленді. 

Қазақстандық боксшы ширек финалда алған жарақатына байланысты, жартылай финалда жұдырықтасудан бас тартты. 

Осылайша, Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдені Қазақстан қоржынына Жүсіпов салды.

Өзгелердің жаңалығы