Азия чемпионаты. Теңге ілуге қатысатын спортшылар

18 Сәуір 2019, 15:13
1716
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Теңге ілуге қатысатын спортшылар

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылындағы "Байсерке" атшабарында "Жастар жылы" аясында Жастар арасында І Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионатта Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді жалпы жиыны 10 мемлекеттің спортшылары бақ сынауда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін үш күнге созылған көкпар бәсекесінің топтық кезеңі аяқталды. 21 сәуір күні өтетін финалдық кездесуде Қазақстан мен Моңғолия Жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатын анықтайды.

Сонымен қазір Теңге ілу спорты бойынша 7 мемлекеттің епті жігіттері ортаға шығады. Қазақстаннан Нұрхан Елжанов, Ғалымжан Ізжанов қатарлы екі береніміз сынға түседі. Моңғолиядан – 3, Ауғанстаннан – 3, Қытайдан – 2, Өзбекстаннан – 3, Ресейден – 3, Тәжікстаннан – 3 барлығы 19 спортшы бақ сынайды.

Қазақстан тарапынан сынға түсетін Ғалымжан Ізжанов - 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Теңге ілу спортымен 2010 жылдан бастап шұғылданған. Көптеген республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды. Теңге ілуден 2015 жылы Шымкент қаласында өткен Ә.Дауылбаев атындағы Республикалық турнирдің жеңімпазы. 2016 жылы Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері. 2017 жылғы «Ақ бидай» VІ республикалық ауыл спорты ойындарының чемпионы. 2015 жылы Астана қаласында Теңге ілуден өткен І ашық Азия чемпионатының жеңімпазы.

Өзгелердің жаңалығы