Бас жаңалықтар
Азия чемпионаты. Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде иегері атанды
22 Сәуiр 2021, 22:53 378

Азия чемпионаты. Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде иегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы турнирдің күміс медалін жеңіп алды.

Olympic.kz сайтының мәліметіне қарағанда, Нұрғиса 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 372 (169+203) келіні бағындырған.  

Бұл салмақтағы бәсекеде ирандық Киануш Ростами (373 келі) жеңіске жетті. Өзбекстандық Шарварбек Зафарджанов (368 келі) қола жүлдегер қатарында. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...