Азия чемпионаты: Қазақстандық триатлоншылар Жапонияға келді

18 Сәуір 2021, 12:05
1630
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Қазақстандық триатлоншылар Жапонияға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Триатлоннан Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатысу үшін Жапонияның Хацукаити қаласына келді деп хабарлады Olympic.kz. 

Азия біріншілігі 23-25 сәуір аралығына жоспарланған. 

Аталған сынға Жапония, Қытай, Иран, Өзбекстан, Сирия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Гонконг, Қазақстан және Моңғолиядан елуден аса спортшы қатысады деп күтілуде.  

Жапон жерінде Қазақстан намысын Арина Шульгина, Екатерина Шабалин, Аян Бейсенбаев, Александр Автушко, Әнуар Тұрыбаев, Дарын Қонысбаев және Семен Пивоваров қорғайды.  

Айта кетейік, 2019 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия біріншілігінде Арина Шульгина қола жүлде иеленсе, Аян Бейсенбаев пен Темірлан Теміров үздік ондыққа енді.

Өзгелердің жаңалығы