Азия чемпионаты: Грек-римшілер алғышқы күні төрт қола еншіледі

28 Сәуір 2019, 13:44
2116
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Грек-римшілер алғышқы күні төрт қола еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық сопртшылар Сиань қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады. 


Қорлан Жақанша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленді. 77 келі салмақта Темірлан Шадуқаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды. 

3 орын үшін күресте ол катарлық қарсыласынан басым түсті.  Ал 87 келі салмақта Азамат Құстыбаев 3-қоланы қанжығамызға байлады. Ол тәжікстандық Тоxиржон Оxоновты басым түсті. 

Жарыс күнінің нүктесін 130 келі салмақта Дамир Кузембаев қойды. Ол  үндістандық балуанға еш мүмкінідк бермеді.
 
Осылайша алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 4 қола түсті. 28 сәуірде жарыс аяқталады. 

Қазақстан құрамасы:
55 кг: Қорлан Жақанша
60 кг: Мейрамбек Айнағұлов
63 кг: Құдайберген Тұрсынов
67 кг: Мейіржан Шермаханбет
72 кг: Демеу Жадыраев
77 кг: Темірлан Шадуқаев
82 кг: Мақсат Ережепов
87 кг: Азамат Құстыбаев
97 кг: Әлімxан Сыздықов
130 кг: Дамир Күзембаев
Өзгелердің жаңалығы