Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы есепті алғашқы 8-секундта ашты

16 Сәуір 2019, 13:51
1942
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы есепті алғашқы 8-секундта ашты
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының Б тобында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездесті.

Жаңбыр астындағы жан алысып, жан беріскен тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек ойынның алғашқы 8-секундында есеп ашты.

Азия чемпионатының негізгі фавориті саналып отырған ел құрамасын таныстырар болсақ:

Құрама капитаны Құрманбек ТҰРҒАНБЕК – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Республиканың бірнеше дүркін чемпионы атанған «Әулие-Ата» командасының ойыншысы. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың төл шәкірті. Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері». ҚР Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі. Көкпардан  жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы (2013, 2014,2017, 2018, 2019). Көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2016 жыл). Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивальдің жеңімпазы (2018 жыл). Дүниежүзілік ІІІ Көшпенділер ойындарында «Ең үздік көкпаршы» атағын иеленген (2018 жыл).

Құрама мүшелері:

Жарылқасын Ернар (Жамбыл облысы)

Мәлімбай Ернат (Жамбыл облысы)

Камелхан Ернұр (Жамбыл облысы)

Серікжан Бақдәулет (Алматы облысы)

Мамыт Әділет (Түркістан облысы)

Әбдірахман Асхат (Түркістан облысы)

Асқаров Нұрлыбек (Қызылорда облысы)

Айтбай Жасұлан (Атырау облысы)

Әзімбаев Ерсұлтан (Жамбыл облысы)

Төлеп Нұрислам (Түркістан облысы)

Қарқабат Бекзат(Түркістан облысы)

Көкпардан ҚР Ұлттық жастар құрама командасының жаттықтырушылары:

Атамекен Рүстемов – команданың аға жаттықтырушысы

Нұржігіт Мырзабаев – команда жаттықтырушысы

Құрманбай Есжан – команда жаттықтырушысы

Өзгелердің жаңалығы