Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды

16 Сәуір 2019, 12:41
2758
Бөлісу:
Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов кентіндегі атшабарда Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионатының ашылу салтанаты болды.

Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды

Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді жалпы жиыны 10 мемлекеттің ең үздік спортшы жастар командалары көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан бақ сынайды. 

Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды

Айта кетейік, Жастар жылы аясында өтетін байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 16 000 000 теңгеге жуық қаражатты құрайды. Жылдың айтулы спорттық шарасына (TIKA) Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі де қолдау білдіріп отыр.

Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін чемпионатқа Қырғызстан құрамасының қатыспайтынын және алғашқы ойында Моңғолия құрамасының Тәжікстанды жеңгені туралы жазғанбыз.

Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды

Чемпионатты Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастыруда. Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Жастар арасындағы І Азия чемпионаты басталды


Өзгелердің жаңалығы