Азия чемпионаты – 2019: Құлахмет чемпион, Сафиуллин күміс жүлдегер

26 Сәуір 2019, 15:06
1945
Бөлісу:
Азия чемпионаты – 2019: Құлахмет чемпион, Сафиуллин күміс жүлдегер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет чемпион атанды.

Әбілхан Аманқұл жарақат алған соң, Азия чемпионатында Қазақстан намысын 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет қорғаған болатын. Қызылордалық боксшы сенімді ақтап, құрлық біріншілігінде жеңіске жетті. Ол финалда үндістанда Ашиш Кумарды жеңді. 

Құлахмет бұған дейін ширек финалда «Монстр» атанған өзбекстандық Исмаил Мадримовтың осал тұсын тапса, жартылай финалда түркімен боксшысын 20 секундта нокаутқа түсірді. 

Өкінішке қарай, 60 келідегі Зәкір Сафиуллин финалда ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. 
Отандасымыз финалда Моңғолиядан келген Цендбаатар Эрденебатқа есе жіберді. Төрешілер бір ауыздан жеңісті моңғолиялық боксшыға берді.

Айта кетейік, 32 жастағы Сафиуллин Азия чемпионатының финалына осымен екінші рет шығып отыр. Бұған дейін ол 2015 жылы да күміс медаль жеңіп алған еді.  

Жалпы, Азия чемпионатының 4 қазақстандық боксшы шыққан болатын. Енді шаршы алаңға 81 келідегі Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақтағы команда капитаны Қамшыбек  Қоңқабаев көтеріледі.

Өзгелердің жаңалығы