Азия чемпионаты. Қытай құрамасы Ресейден басым түсті

16 Сәуір 2019, 13:32
2170
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Қытай құрамасы Ресейден басым түсті
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда байрағын көтерген Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында екінші болып көкпар алаңына Қытай құрамасы мен Ресей құрамасы сайысқа түсті.

Тартысты өткен додада Қытай құрамасы Ресейден басым түсті. Есеп – 10:1. 
Тұңғыш чемпионатта көкпар спорты бойынша 7 команда бақ сынайды. Атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия және Ауғанстан спортшылары І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. 

Азия чемпионаты. Қытай құрамасы Ресейден басым түсті

Командалар А және Б тобына бөлінді. Жеребе бойынша А тобында Монғолия, Тәжікстан, Қытай, Ресей командалары, ал, Б тобында Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан командалары ойнайды.

Азия чемпионаты. Қытай құрамасы Ресейден басым түсті

Тұңғыш ұйымдастырылған Азия чемпионатының алғашқы бәсекесі Монғолия мен Тәжікстан арасында өтіп, Моңғолия құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Үшінші кездесуге Қазақстан мен Өзбекстан командалары шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылындағы "Байсерке" атшабарында "Жастар жылы" аясында Жастар арасында І Азия чемпионаты өтіп жатыр. 
Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді жалпы жиыны 10 мемлекеттің спортшылары бақ сынауда.
Алғашқы Азия чемпионаты Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату қатарлы төрт спорт түрінен өзара мықтыны анықтап жатқан сайыс 21 сәуір күні аяқталады.
Өзгелердің жаңалығы