Азия біріншілігі. Чиншанло алғашқы бестікте

18 Сәуір 2021, 20:53
2186
Бөлісу:
Азия біріншілігі. Чиншанло алғашқы бестікте

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі басталды. Құрлық додасының алғашқы жарыс күнінде бірнеше қазақстандық спортшы сынға түсіп жатыр.

Olympic.kz-тің мәліметіне қарағанда, әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Зүлфия Чиншанло Азия додасында алғашқы бестікке енді. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 210 (92+118) келіні көтерген. Сондай-ақ, серпе көтеруде құрлық біріншілігінің кіші қоласына ие болды. 

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан командасы екі медаль еншілеп үлгерді. Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арли Чонтей алтын алса, Абылай Әуелханов күміс иеленді.

Өзгелердің жаңалығы