Әзірге сайлау барысына тағар айыбым жоқ – Қосанов

9 Маусым 2019, 12:26
3591
Бөлісу:
Әзірге сайлау барысына тағар айыбым жоқ – Қосанов
PHOTO
Фото: автордан

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ұлт тағдыры" бірлескен ұлттық патриоттық қозғалыс" республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов 57 сайлау учаскесінде келіп дауыс берді.

Сайлау учаскесіне жұбайымен келген Әміржан Қосанов сөз басында «конституциялық құқығымды орындадым, сұрақтарыңызға дайынмын», деп сайлау барысына қатысты пікірімен бөлісті. 

 

Әзірге сайлау барысына тағар айыбым жоқ – Қосанов


 

 

«Дәл осы сәтте, қазіргі уақытқа әзірге сайлау барысына менің кандидат ретінде, штабымның тағар кінәміз жоқ. Әрине біз сайлау заңнамасын сынадық,  сынап келеміз, сынай береміз де, заңнаманы өзгерту керек. Сайлау туралы заңды, партиялар туралы заңды, кандидаттарға қатысты баптардың барлығын өзгерту керек. Бірақ біз сайлаудың аясында мүмкіндігінше белсенді қызмет етуге тырыстық. Дәл сол үгіт-насихат кезінде менің тағатын айыбым, кінәм жоқ. Ең басты нәтиже, осы сайлаудың саяси процесс ретіндегі апогейі  ол – дауыстарды есептеу және протоколдарды толтыру. Мен қуанып отырмын. Мені біраз адамдар қаралады, байкот туралы айтты, алып-қашпа әңгімелер таратты, тіпті бәрі шешіліп қойған дегендер де болды.  Бүгін мен қуанып отырмын, белсенділік бар. Қазақстандықтар тек сайлау құқығын емес, сонымен қатар бақылау құқығын да пайдаланғысы келеді», - деді Әміржан Қосанов. 

Сонымен қатар, Әміржан Қосанов билік транзитіне тоқталды. 

«Қазақстанда транзит басталды. Әртүрлі әңгімелер айтылуда, мен айтар едім транзит формальді түрде басталды. Президент Назарбаев биліктен кетті, орнына екіншші адам келді. Қазір кім келетіні шешіліп жатыр. Бұл - табиғи жанды процесс. Сондықтан халық осыған араласу керек, халықтың бір ғана мүмкіндігі бар, қолына бюллетень алып қалаған кандидатына дауыс беруге шақырамын. Әр саясаткердің өзінің белесі болады. Жазушы болса басында әңгіме жазады, сосын роман жазады. Ал саясаткер президент болғысы келеді. Мен бақыттымын, бүгін мен осы сайлауға әріптестерім қолдап, қатысып отырмын. Қазіргі таңда ең басты мәселе дауыстарды дұрыс санау, протоколдарды дұрыс толтыру. Бақылаушылардың жұмысына үлкен үміт артып отырмын», - деді Қосанов. 

57 сайлау учаскесінде 4503 сайлаушы тіркелген.

Әзірге сайлау барысына тағар айыбым жоқ – Қосанов



"Бізде дауыс беру елмен қатар сағат 7:00 басталды. Учаскемізге келіп дауыс беріп жатқандардың арасында отбасымен, кішкентай балаларымен келіп дауыс беріп жатқандар көп. Тіпті, жасы сексеннен асқан қариялар мен қатар алғаш дауыс беріп отқан жастарымыз да жетерлік. Бүгін таңертеңнен бері жиырма шақты азаматқа сыйлық бердік", - деді №57 сайлау учаскесінің төрайымы Айгүл Аманова.

Әзірге сайлау барысына тағар айыбым жоқ – Қосанов



Сайлаушылар қарасының көптігін жас бақылаушы Аружан Сәлім де растап отыр.

Әзірге сайлау барысына тағар айыбым жоқ – Қосанов



"Бүгін сайлауға келіп дауыс беріп отырғандар өте көп. Олардың арасында өзімнің құрдастарым, алғаш рет дауыс беріп отырғандар да жетерлік. Бүгін оларға арнайы сыйлықтар берілуде. Тіпті, бүгінгі сайлау туған күнімен тұспа-тұс келгенде болды. Сайлау әділ өтуде деп сенімді түрде айта аламын", - деді жас бақылаушы Аружан Сәлім.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі сайлау сағат 20:00 аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы