Бас жаңалықтар
Әзірбайжан әскерлері Таулы Қарабаққа тағы шабуыл жасамақ болды
13 Желтоқсан 2020, 07:16 1211

Әзірбайжан әскерлері Таулы Қарабаққа тағы шабуыл жасамақ болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында әзербайжандық әскерилер Таулы Қарабақтың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері ведомствосының баспасөз қызметі.

11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды, - делінген хабарламада.
Әзербайжан тарапы жағдай туралы түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған еді.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...