Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

1 Ақпан 2021, 11:06
4782
Бөлісу:
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті
PHOTO VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 ақпаннан, яғни бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Вакцинаны ең алғашқылардың бірі болып ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды.

Вице-министр журналистерге вакцина алғаннан кейінгі әсерін бөлісіп, әріптестерін екпе алуға шақырды.

Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті
Мен бүгін коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алдым. Барлық медициналық қызметкерді, әріптестерімді және халықты коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуларын сұраймын. Өйткені бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайдың асқынып тұрған кезінде инфекцияға қарсы күрестің бірден-бір жолы - осы вакцинаны алып, иммунитетті қалыптастыру, - деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, Қазақстанға қолжетімді вакцина ресейлік вакцина болып тұр. Сондықтан қолдағы бар жағдайды пайдаланып, алғы шепте жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлері вакцина арқылы қорғалатын болады.

Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Бүгіннен бастап барлық инфекциялық стационарда, сонымен қатар, жансақтау бөлімінде, ауруханалардың қабылдау бөлімінде, жедел жәрдемде жұмыс істейтін, алғашқы медициналық көмек көрсететін емханалар мен амбулаторияда жұмыс жасайтын әріптестерім осы вакциналармен егілетін болады, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау өкілі атағандай, Қазақстан, бүкіл әлем бір жыл бойы осы инфекциямен күресіп келеді. 

Осы соғыста солдаттар - тек медицина қызметкерлері. Оларды қолымызға тиген вакцинамен қорғап, екпе алдыруымыз керек, - дейді ол.
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Өздеріңіз білетіндей, халық арасында әлі күнге дейін вакцинаға сенім жоқ. Сондықтан №6 қалалық емханада медқызметкерлер тоңазытқыштан вакцинаны алып, оның қорабын көрсетіп, журналистердің алдында ашты. 

Екпе Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне жасалды. Менен кейін Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері уақыт-уақытымен екпе алатын болады. Бүгінгі таңда елордада 300-ге жуық медқызметкер алады. Ал республика бойынша бүгін 1 500-ден астам медицина қызметкері вакцина алады. Өйткені әр медицина қызметкері жұмыста, әріптестерінің арасында өз денсаулығына қауіп туғызбау керектігін түсінеді. Сонымен бірге пациенттердің де денсаулығына қауіп төндірмеу керек. Әрбір медқызметкер жұмыста күніне бірнеше рет вируспен кездеседі. Вирустық мөлшерді өте көп алады. Сондықтан осы екпемен иммунитетін нығайтып, инфекцияға қарсы тұра алады, - дейді ол.
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Сонымен қатар, вице-министр Ажар Ғиният Sputnik V вакцинасының екінші дозасын қашан алатынын айтты.

Екінші дозасын 21 күннен кейін, яғни 22 ақпан, дүйсенбіге келіп тұр. Екінші аптадан бастап организмімде антиденелер пайда бола бастайды. Енді екінші дозасы иммунитетімді одан да қатты нығайтып, денемдегі антиденелерді көбейтеді, сонымен қатар иммунитет ұлғая түседі, - деп атап өтті ол.
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Сондай-ақ, вице-министр журналистердің «Вакцинаны алуға қорқыныш сезімі болмады ма?» деген сұрағына былай деп жауап берді.

Мен - дәрігермін. Қорқыныш сезімі болған жоқ. Инфекционист дәрігер ретінде жұмыс істедім. Көптеген қатерлі жұқпалы ауруларды емдеген дәрігермін. Өз практикамда оба, тырысқақ және басқа да инфекциялармен жұмыс жасағанмын. Сондықтан бұл вакцинаның әсерін білемін. Дәрігерлер тек осы вакцина арқылы инфекциядан қорғана алады, - деді вице-министр Ажар Ғиният вакцина алғаннан кейін.
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Вакцинаны ойлап тапқан ғалымдардың айтуынша, вакцинаның күші бір жылға дейін жетеді.

Қазіргі вакцинаның мөлшері шектеулі болғандықтан бірінші кезекте медицина қызметкерлері егіледі.
Мен өз әріптестеріммен бірге болып, оларға үлгі болып, вакцинаны алғым келді. Біз медицина қызметкерлері болғандықтан, осы ғылымды оқып білгендіктен халыққа пайдасын бірінші жеткізуіміз керек. Сондықтан әр әріптесім мені қолдайды деп ойлаймын, - деп түсіндірді ол.
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Sputnik V вакцинасын алуға түрлі мемлекеттер Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр – Беларусь, Сербия, Аргентина, т.б. Одан бөлек, Ресейдің өзінде де миллиондаған халық вакцинаны алуда. Соның ішінде медицина қызметкерлері, қатерлі топтағы созылмалы аурулары бар адамдар бар. Сондықтан бұл вакцинаның 3-4 айдың ішінде қатты әсерін көрген жоқпыз, - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, қарапайым халықты вакциналау тегін өтеді. 

Үкімет Ресейден келген вакцинаның біреуін шамамен 10 мың теңгеге сатып алып отыр. QazCovid-in вакцинасы елімізде шығарылатындықтан, оның бағасы 2 мың теңгедей болады, - дейді ол.
Ажар Ғиният вакцинадан кейінгі әсерімен бөлісті

Ажар Ғинияттың сөзінше, 60-70 пайыз халық вакцина алып, иммунитеті болса, бұрынғыдай қалыпты өмірімізге ораламыз. Әр вакцинаның денеге енген ақуыз, яғни бөтен дәрі болғандықтан екпе алған орында жергілікті әсері болады. Мысалы, қол ісіп, екпе салынған жер ауруы мүмкін. 

Вакцина алғаннан кейін пациентке дәрігерлер бақылауында болу үшін бейдж, ескертпе жадынама береді. Ол жерде келесі вакцина қашан келуі керек екенін және 3 тәулікке дейін қандай әсері болатыны, белгілері жазылған. Сонымен қатар қандай уақытта дәрігерге, қандай нөмірге байланысу керектігі көрсетілген, - деді ол.

Екпе алған азаматтарға осындай ескертпелер беріледі. 30 минуттан кейін бейдж қайта дәрігерге тапсырылады. Кейін 3 күн бойы дәрігер пациентпен байланыста болады.

Еске сала кетейік, бүгін елордада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина алды.

Өзгелердің жаңалығы